Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талқылауға арналған кеңейтілген отырысы өтті.
G M T Определить язык Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьКомиссия отырысына Қазақстан Республикасы билігінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, емдеу мекемелерінің, адвокатураның өкілдері қатысты. Жиында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды. Комиссия мүшелері бағдарламаның іске асырылуы әлеуметтік-бағдарлы ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен халықты жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаттарын сақтай отырып, тұрақты әрі қарқынды дамытуға ықпал ететінін атап өтті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жеткен. Соңғы 10 жыл ішінде өмір сүру ұзақтығының 6 жылға артуы, өлімнің 27 пайызға, ана өлімінің 4 есеге төмендеуі байқалады, сәбилердің шетінеуі 1,6 есе, туберкулезден қайтыс болу 5 есе, қатерлі ісіктерден болатын өлім 20 пайызға төмендеген.
Барлық денсаулық сақтау қызметі медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) жаңғырту және басым дамыту негізінде халықтың қажеттіліктері айналасында интеграцияланады. Оның сапасын жақсарту үшін «Кезексіз емхана» қанатқақты жобасы және Дүниежүзілік банк консультанттарымен бірлесе 5 өңірде Ауруды басқару бағдарламасы енгізілуде. Министрлік жаһандық бәсекелестік жағдайында денсаулық сақтау саласын цифрландыру және ақпараттандыру арқылы халыққа медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Талқылауға қатысқан сарапшылар билік пен қоғамның, емдеу мекемелерінің, медициналық қызмет көрсетуді жеткізушілер мен халықтың бірігуі азаматтардың денсаулығын сақтау мен білікті медициналық көмек алуда конституциялық құқықтарын толығымен іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Комиссия отырысында тұжырымдалған ұсынымдар Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкімет назарына жеткізілетін болады.
Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»