• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2017

Екі стратегиялық нысан мемлекет меншігіне қайтарылды

42 рет
көрсетілді

Осыған дейін америкалық компанияның жекеменшігінде болған екі гидроэлектр стансаны Қазақстан мемлекеттік меншікке қайтарып алды. 

Қазақстан Республикасы мен аме­ри­калық AES Corparation компаниясы ара­сындағы 1997 жылғы 23 шілдедегі концессиялық келісімінің әрекеті 2017 жылдың 1 қазанында аяқталды.

Осыған байланысты, 2017 жылдың 2 қазанында және 2017 жылдың 3 қаза­нында «AES Өскемен ТЭС» ЖШС және «AES Шүлбі ТЭС» ЖШС – екі концессия объектісінің 100% қатысу үлестері рес­публикалық меншікке алынды.

Өскемен су электр стансасы және Шүлбі су электр стансасы аталған ком­па­ниялардың активі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «AES Өскемен ГЭС» ЖШС-нің және «AES Шүлбі ГЭС» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлестерін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берді.

Қазақстан Республикасының Энер­­гетика министрі осы компа­ния­лардың бас директоры етіп Асқар Бала­батыровты тағайындады. Асқар Бала­батыров 1992 жылы Алматы энергетика институтын бітірген, «KEGOC» АҚ-та, «Алматы ПауэрКонсолидэйтед» АҚ-та, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ-та және «Шығыс Қазақстан ауданаралық электр желілік компаниясы» АҚ-та жұ­мыс істеген, электр энергетикасы нысандарын басқару жұмысында айтар­лықтай тәжірибе мен білімге ие, деп ха­бар­лады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.