• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2017

Албарбөгет – адам еңбегініңалып ескерткіші

100 рет
көрсетілді

Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан кең байтақ қазақ даласы не бір кереметтерден кенде емес! 

      G M T     Определить язык Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский   Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тарбағатай мен Жетісу – аспанмен таласқан заңғар тау­лары­­мен, батыс – ақ шағыл құм жапқан сағым­­­ды жазық белдерімен, Сарыарқа – Қар­­қаралы, Ұлытау, Көкшетау, Баянауыл сын­­ды әсем табиғатымен, теріскей – алыс­тан мұнартып көз тартатын нулы орман, түгін тартса май шыққан құнарлы топы­рақ­ты дәулетті даласымен, оңтүстік – басын­да кеме қалған Қазығұрттай киелі мекен­дерімен, тарихи жәдігерлерімен мақ­тана алады. Осынау төрт тараптың тап орта­сында Ғафу ақынның сөзімен айтқанда «ішіне оқиғаны сықап, тиеп, тарихтың қо­йып кеткен арбасындай» болып Торғай жатыр құпия сырларды қойнына баса көсіліп. 

Торғай – ұлттың ұясы, тарихтың тұмасы. Қазақ даласындағы тұңғыш мектептің іргетасы қаланған, білімнің шамшырағы жағылған қасиетті жер. Отаршылдыққа қарсы күрестің алауын тұтатқан, Әбдіғапар хан, Амангелді сардар, Кейкі мергендерді туған өр мекен. Алаштың арыстары Ахмет пен Міржақыптарды тербеткен киелі бесік. Торғайдың мақтаныштарының бірі – әйгілі Албарбөгет бөгені. 

Албарбөгет – қатардағы көп су тоғаны­ның бірі емес. Ол адам еңбегінің алып туын­дысы! Еңбекке орнатылған теңдессіз ескерт­кіш! Жиырмасыншы ғасырдың алғаш­қы ширегінде қазақ даласында жүзе асқан алып жобалардың бірегейі. Оған кеткен қажыр мен қайратты Ұлы Қытай қорғанымен салыстыруға болар еді. Қытай қорғанын салуға жүздеген жылдар, жүз мыңдаған адамдар жұмылдырылса, ұзын­дығы 17 шақырым, биіктігі 2,5 метр, таба­ны 14 метрге жететін бөгетті бас-аяғы екі жылда сол төңіректегі екі-үш ауыл­дың адамдары ешқандай техникасыз-ақ өгіз арба, қол арба, кетпенмен тұрғызып шықты. Торғай даласында ағаш қат бол­ған­дықтан, бөгет құрылысына қажет бө­ре­не­лерді аталарымыз өгіз арбамен 500 ша­қы­рым жердегі Аманқарағай орманынан тасы­мал­даған екен. Бұған дейін қазақ елдік мәсе­лесінде бірлік танытса, енді еңбекте де тізе қоса алатынын көрсетті. Бұл елдің рухын шыңдады. Халық ақыны Нұрхан Ахметбеков: 

Адам айтса нанғысыз, Табиғаттың теңіндей.  Ат шаптырым бөгетті,  Азамат соққан ерінбей.  Көк долы жойқын асау су,  Қайтсін мұнан шегінбей    . Аласұрған тасқын сел,  Айналып келіп бас иді,  Ұялшақ жас келіндей, – деп шабыттана жырға қосса, Назарбек Бектемісов: 

Бір алып Айсабөгет Торғайдағы, Атақты алып деген қорғайды әлі.  Көктемде көк сеңгірмен алысуға,  Қырандай қанаттарын қомдайды әлі, – деп суреттеген. «Айса бөгет» дегені, құры­лыс Көкалаттан шыққан Айса Нұр­манов есімді азаматтың бастамасымен жүргізілген. Осы орайда Айса атамыз жай­лы мәлімет бере кетсек артық болмас. 

Айса Нұрманов – 1893 жылы Қарақоға болысының екінші ауылында Ақжан деген жерде туған. 1916 жылы Торғайда халық ақ патшаға қарсы көтерілгенде, қолына қару алып, майданға шыққан сарбаздардың бірі. Торғайда Совет өкіметі орнағаннан кейін соғыс комиссариатында жұмыс істеген. 1923 жылы Қарақоға округінің болысы болып сайланады. Көзі ашық, туған елінің ауыр тұрмысын көріп өскен азамат, қызметін халықтың игілігіне арнайды. 1924 жылы қазіргі Албарбөгет бөгетін салу үшін Ақтөбеге барып 100 000 сом алып қайтады. Сөйтіп, Торғай өзенінің бір сала­сы Қабырғаның бойында қыз-қыз тір­шілік қайнады. Өкініштісі, халықтың шын қамқоры болған Айса Нұрманов 37-нің ұлы сүргінінде атылып кеткен. 

Албарбөгет жайлы әдебиеттің алтын қорынан да кездестіреміз. Классик жазушы Ақан Нұрмановтың теңдессіз батыр Кейкіні тұспалдап жазған «Құланның ажалы» романында, қазақтың дара дарынды жазу­шысы Төлен Әбдіктің «Әке», «Өліара» сынды өлмес туындыларында осынау бөгет жайлы мәліметтер берілуі кездейсоқтық емес. Төлен Әбдіктің «Әкесіндегі» Дүйсен, «Өліарасындағы» Асқар образынан Айса Нұрманұлының абзал бейнесін аңғара­­мыз. Құрылыстың қаншалықты күр­делі, тартысты жүргізілгенін осы шығар­ма­лардан-ақ білуге болады! 

Албарбөгет салынғанша басын Ұлытау­дан алатын Қабырға өзені сарқырап ағып, сонау Ақтөбе облысындағы су аяғы құрдымнан бір-ақ шығатын. Сөйтіп, қисап­сыз ырыздық текке кетіп, Торғай жері кенезесі кеуіп, ел пайдасын көре алмау­шы еді. «Сулы жер – нулы жер», бөгет­пен бірге жер жайнады, еңбек қайнады. Маңайына ауыл қоныстанып, кешегі кеңес өкіметі уақытында бірнеше артель, мойын­серік ашылды. Кейін олар колхоз, совхоз, фермаларға айналды. 1931-32 жыл­дардағы алапат ашаршылықта Албарбөгет маңайындағы халық балық аулап, аң-құсты талғажау етіп, егін салып, қырылудан аман қалған. Албарбөгет халықтың игілігіне әлі жарап келеді. 

Бөгелгеннен кейін Қабырға өзенінің ені 102 метрге, тереңдігі 16 метрге дейін жетті. Ал, ұзындығы – 95 шақырым. Орта есеппен 55-60 миллион текше метрдей суды ұстап тұрады. Бөгеттің батыс жағы 6 ауыл­дық округті, Көкалат, Аралбай, Шеген, Ақ­шығанақ ауылдарын, Торғай кентін сумен қамтамасыз етіп отыр. Ал шығыс жағы Амангелді ауданындағы Қабырға елді-ме­кенін, Үрпек ауылын, Қараторғай, Сары­торғай шаруашылықтарын сулы етеді. 

2007 жылы тұрғындардың өтінішімен ұзындығы 17 шақырым бөгетті қайта қал­пына келтіруге мемлекеттік бюджеттен 73 миллион теңге қаржы бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтірілді.

Бүгінде бөгеттің баурайында бірнеше шаруашылық мал өсіріп отыр. Қойнауы толған аң мен құс. Ақ балығы биедей, шортаны асау түйедей, салған қармағыңа «сыбаға» ілінбей қалған емес. «Сусоғар қанаттарын бойлай өскен көк орманның» көлеңкесі жанға сая. Жел соқса сүйкеніп сиыр жықпаған нар қамысы сыбырлай жөнеледі. Таяқ тастам жерде Айса Нұр­мановқа қойылған ақшаңқан кесене күнмен шағылысып, қол бұлғайды. Нағыз бір жердің жұмағы, Торғайдың оазисі. Сәл мойын созсаң, Қостам қонысы жатыр. Албарбөгет бойының бір тумасы, белгілі қаламгер Қойшығара Салғараның повесіне арқау болған Қостам бұл. Қостам атауы «Қозы мен Баяндай бір-біріне өлердей қос ғашыққа қойылған бейіттен шыққан деп ой тастайды жазушы. Мұның астарында шындық жатуы әбден ықтимал. Ал, осы бөгеттен тай шаптырым жерде Қарақоға тұр. Қарақоғаны кезінде Досбол датқа жайлаған екен. «Ағайын жаман болса болса іздеп барам ба, жақсы болса сыймай қайтып келем бе», деген әйгілі сөзі сол шақта айтылса керек. Қысқасы, Албарбөгет осындай бір тарихтың да қоймасы. 

Биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Елбасымыз «...жергілікті нысандар мен елді-мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халық­тың сана­сына одан да маңыздырақ – жалпыұлт­тық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.

Бұл – рухани дәстүрдің басты негіз­дерінің бірі» деп орынды атап өтті. Бұл мақсатта «Қасиетті Қазақстан» бағдар­ламасы қолға алынды. Өте құптарлық іс. Осы ретте жанкешті бейнет, асқан жанқияр­лықпен салынған, мыңдаған жандарды аштықтан аман алып қалған, табиғаты көркем, тарихтан да, әдебиеттен де ойып тұрып орын алған, әлі күнге халықтың ырысы болып отырған Албарбөгет осынау тізімге кіру керек деп есептеймін. Осы арқылы жас ұрпақ бабаларымыздың асқақ рухынан тәлім алып, олардың келешек үшін қандай ауыр міндетті арқалағанын сезініп, Отанның игілігі үшін қызмет етуге тәрбиеленер еді. Біле білсек, Қазақ дала­сында дәл Албарбөгет сынды қол күші­мен тұрғызылған еңбек ескерткіштері сирек.  «Атырып еңбекпенен дала таңын,  Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын.  Сүйгім келіп кетеді, сүйгім келіп,  Кетпен ойған шалдардың алақанын» деп айтулы ақын Назарбек Бектемісов жыр­лағандай, бұл қара қазан, сары бала­ның қамы үшін тізеден суық су кешіп, кет­пенмен тау тұрғызған еңбекқор бабалар­дың рухына қылған тәуелсіз елдің тағзымы болар еді. 

 

Манат КАРБОЗОВ,  Қостанай облыстық  мәслихатының депутаты