• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Әдебиет 02 Наурыз, 2018

Омар Хайям рубаилары

3010 рет
көрсетілді

Тас қамал бұл қапастың аты – жалған, Қарайып, күннің көзін бұлты шалған. Күл болып көрде жатыр жүз Баһрам, Той тарқап, жүз Жәмшидтің жұрты қалған. * * * Қызық-ау: туған адам ақыр өлмек! Тозғасын тарқатылып жатыр өрмек. Түтінсіз жанды-ау тағдыр өрті ішінде, Ақ жүрек талай адал пақыр еңіреп. * * * Тағдырдың сыры терең, жете алмаймыз, Жұмбағын түгел тауып кете алмаймыз. Керулі көз алдыңда сиқыр перде, Өлеміз, бірақ әрі өте алмаймыз. * * * Алады ажал жұртты талғамастан, Кейқуат, Жәмшидтерден бар ма асқан? Құл қылып қу замана қойған бізді Ұйқыға, айла, арман сорға бастан. * * * Шіркін-ай, бір саяға келер болсақ! Ұшығын ұзақ жолдың көрер болсақ! Жүз мың жыл өткеннен соң, о, дариға-ай, Көгеріп жерден қайта өнер болсақ!

Аударған  Қуандық Шаңғытбаев