• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Мультимедиа 30 Желтоқсан, 2018

ҚР Мәдениет және спорт министрімен жаңа-жылдық марафон

313 рет
көрсетілді

31 желтоқсан сағ 23.00-де Астана қаласының 20-жылдығына арналған жаңа-жылдық марафон өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Аталған бастаманы ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы ұйытқы болды. Жүгірудің алдында арнайы флеш-моб ұйымдастырылады.  Марафонды бастауға сигналды  Аяз-ата береді.  Старт сағ  23.30 «Бәйтерек» жанынан басталып, «Сулы-Жасылды гүлзар» арқылы «Хан-Шатыр» ССО дейін жалғасады(мұз қалашығы).  Жаңа-жылдық шараға белгілі спортшылар мен елімізге танымал мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Марафон қатысушылары мен қала қонақтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа-жылдық құттықтауын Мұз қалашығы  аумағына орналастырылған ЛЭД-экран арқылы тамашалай алады.