• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Президент 19 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

320 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.