• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда барлық әуе рейстері тоқтатылады

180 рет
көрсетілді

2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00 - ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі тоқтатылатын болады. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған.

«2020 жылғы 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің Нұр – Сұлтан халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайына ұшып келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылсын», - делінген қаулыда. Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады.

Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар