• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Қарттар үйіндегі қасірет

1806 рет
көрсетілді

Ақмола облысындағы қарттар үйінде 19 адамның коронавирус  індетін жұқтырғандығы  анықталды.

Қарттар үйі Целиноград ауданындағы Аққайың ауылында орналасқан . Осында 73 жасар қария сәуірдің 4 күні көз жұмған болатын. Іле орталықтағы адамдардың барлығынан анализ алынды. Қазір 19 адамның індет жұқтырғаны белгілі болып отыр. Олармен 216 адам қарым-қатынас жасаған.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше қазір әлеуметтік орталықта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.