• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Сәуір, 2020

42 500 теңгеге қатысты жалған ақпарат тарады

1181 рет
көрсетілді

Мессенджерлерде 42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынып жатыр деген ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады. 

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінген.

«Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты таратқандар заң бойынша жазаланатынын еске саламыз» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар