• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Мамыр, 2020

Сәуірде тіркелген 52% жағдай профилактикалық тестілеумен байланысты - Айжан Есмағамбетова

180 рет
көрсетілді

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова сәуірде тіркелген 52% жағдай профилактикалық тестілеумен байланысты екенін айтты.

«Соңғы екі аптада Қазақстанда жаңа жұқтыру жағдайларының өсімі 7% - дан аспады. Наурыз айында вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардан және шетелден келгендерден індет анықталған болатын. Ал сәуірде тіркелген 52% жағдай немесе 1862 оқиға профилактикалық тестілеумен байланысты болды», - деді А.Есмағамбетова.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 3 988 COVID-19 оқиғасы расталды, оның ішінде 27 адам қайтыс болды. 1 107 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.