• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Тамыз, 2020

COVID-19: Мексика бір күнде 829 адамынан айрылды

270 рет
көрсетілді

Мексика халқы COVID-19 салмағын қатты сезінген елдің қатарында. КВИ-дан өлім-жітім жөнінен Бразилия мен АҚШ-ты алдына салған жұрттың вирустық ахуалы турасында Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің деректерін REGNUM келтіреді.

49 698 адам. Осынша пациент Мексикада SARS-CoV-2 кесірінен о дүниелік болған. Өткен тәулікте тағы да 6139 адамнан вирустың табылуы жағдайдың қаншалықты күрделі екенінен хабар бергендей.

Пандемия патшалық құрғалы 456 100 мексикалық ауруға шалдыққан көрінеді.