• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2021

ШҚО-да пробация қызметкерлері вакцина салдырды

1190 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері арасында СОVID-19-ға қарсы ерікті вакцинация басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Зайсан аудандық пробация қызметкерлері КВИ-ға қарсы вакцина алды.  Зайсан ауданы бойынша вакцинаны алғашқылардың бірі болып Зайсан аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.

«Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана вирусты жеңіп, қалыпты тұрмыс-тіршілікке қайта оралатынымызға сенімiмiз мол. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз әрі тиімді жолы», деді аудандық ПҚБ бастығы әділет майоры Ермек Енсенов.