• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Коронавирус 05 Тамыз, 2021

Коронавирус жұқтырған 1800-ден астам науқастың жағдайы ауыр

372 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 1800-ден астам науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр, 202 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.