• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Президент 20 Тамыз, 2021

Мемлекет басшысы Ресейге жұмыс сапарымен барады

5530 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған. Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында