• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Қазан, 2021

Қазақстан тағы екі елдің вакцинация паспортын мойындады

337 рет
көрсетілді

Қазақстан тағы екі елдің – Мальдив Республикасы мен Иорданияның вакцинация паспортын мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов вакцинация паспорттарын тану туралы жаңа қаулы шығарды.

Бұған дейін Қазақстан 15 елдің: Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияның вакцинация паспорттарын мойындаған болатын. Бұл тізімде тағы екі ел қосылды – Мальдив Республикасы және Иордания.

Қаулы мәтінімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.