• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Ақпан, 2022

Канада Еуропаға 500-ге жуық әскер жіберетін болды

243 рет
көрсетілді

Укринформ агенттігі Ресей агрессиясына байланысты Канада Еуропаға 500-ге жуық әскер жіберетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдо баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Канада бұл әрекетін НАТО күштерін қолдау ретінде жасап отыр.

«Мен REASSURANCE операциясына канадалық күштердің 460 мүшесін қосамын. Әңгіме Латвиядағы әскерилеріміздің санын көбейту, сондай-ақ қосымша фрегат пен теңіз патрульдік ұшағын жіберу туралы болып отыр», деді Трюдо.