• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 25 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы Ресейдің Премьер-Министрімен кездесті

207 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Ресей Премьер-Министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.