• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2022

«Бомба қойылған»: Атырауда мектеп оқушылары эвакуацияланды

510 рет
көрсетілді

Атыраудағы №16 мектептің электрондық поштасына білім ошағына бомба қойылғаны жөнінде хат келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп директоры Атырау облыстық Полиция департаментіне телефон шалған.

Хат 08:50 шамасында мектептің электрондын поштасына келген. Полицейлер мектеп оқушылары мен ұстаздарын, барлығы 1300 адамды эвакуациялады.

– Мектепте ешқандай жарылғыш заттың жоқ екені анықталды. Қазір хабарлама жіберген адамды анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сабақ уақытша тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар