• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2010

УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

490 рет
көрсетілді

Кеше Қырғыз Республикасының уақытша үкіметі Қырғызстан уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаеваның мәлімдемесін таратты. Онда былай делінеді: “Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында ашылды. Енді Қырғызстанның экономикасы қайта сілкініп, сауда ағыны жаңғырады. Біз белгіленген экономикалық параметрлерге шығуды жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар өкілдерінің біздерді қазіргі кем-кетіктерді жабу үшін қаржы жағынан жан-жақты қолдауға дайын екендіктеріне сендіргені атап өтуге тұрарлық”, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.