• RUB:
    6.39
  • USD:
    512.16
  • EUR:
    580.94
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қыркүйек, 2022

Министрліктер үйінің жанында ер адам өзін-өзі өртемек болған

337 рет
көрсетілді

Министрліктер үйінің жанындағы Мәңгілік ел көшесінде ер адамның өзін-өзі өртемек болған әрекетін қалалық ПД-ның жедел басқару орталығындағы қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Семейде шығарылған сот үкімімен келіспеген 37 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болған. Оқиға куәгерлері мен полицейлер қайғылы жағдайды болдырмады», деп жазды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы. 

Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.