• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қазан, 2022

Қырғыз Республикасының Президенті Қазақстанға келді

307 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында халықаралық іс-шараларға қатысу үшін келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.