• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қазан, 2022

Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетеді

408 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс Консервативтік партияның жетекшілігінен және елдің премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Даунинг-стриттегі үкімет басшысының резиденциясының алдында сөйлеген сөзінде ол қазіргі жағдайда өз мандатын жалғастыра алмайтынын мойындады.

Лиз Трасс орнына жаңа адам сайланғанға дейін премьер-министр болып қала береді. Британдық министрлер кабинетінің жаңа басшысын сайлау келесі аптада өтеді.