• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2023

Алматыда екі автобус соқтығысты

384 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, оқиға әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында, «Қазақфильм» киностудиясына қарама-қарсы жерде болған. № 31 автобус №116 автобусты соққан. Соққыдан №116 автобустың артқы әйнегі сынған.

«31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан. Алдын ала деректер бойынша алты адам дене жарақатын алды», делінген жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінде.