• RUB:
    6.63
  • USD:
    487.73
  • EUR:
    558.99
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 15:15

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі

Астанада 2026 жылы 24 апатты тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәлімдеді. Қазіргі уақытта ескі және апатты тұрғын үйлерді жою бағдарламасы аясында тоғыз ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал тағы 15 нысан екінші және үшінші тоқсандарда сүріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоспарға сәйкес, Алматы ауданында – 5, Байқоңыр ауданында – 6, Есіл ауданында – 1 және Сарыарқа ауданында 12 үй бұзылады. Осылайша ең көп нысан Сарыарқа ауданында сүрілмек.

Басқарма мәліметінше, апатты үйлердің тұрғындары алдын ала басқа баспаналарға көшіріледі. Қоныс аудару және үйлерді бұзу жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Алматыда 676 апатты үй бұзылады

Реновация бағдарламасы аясында ескі тұрғын аудандар жаңартылып, апатты баспаналардың орнына жаңа нысандар салынады. Тұрғындарға ауданы жағынан тең жаңа пәтерлер беріледі. Ал тұрғын емес нысандардың иелеріне мүліктің құны өтеледі немесе көлемі тең басқа нысан ұсынылады.

Атырауда апатты үйлер тұрғындары жаңа баспана алды

2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңғырту жобасына сәйкес, елордада барлығы 206 апатты үйдің тұрғындарын көшіру көзделген. Бағдарлама аясында 4710 пәтердегі тұрғын жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар