• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Қыркүйек, 2023

Қонақтар есе жібермеді

150 рет
көрсетілді

Жексенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17 турының тағы екі ойыны өтті. Талдықорғанда «Же­тісу» «Қайратты» және Қараған­дыда «Шахтер» «Қайсарды» қабылдады.

Талдықорғанда өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. «Шахтер» мен «Қайсар» арасындағы матчта қос команда тең тарас­ты – 2:2. Жарыс кестесінде «Ордабасы» алда келеді. Шымкенттік клуб 21 кездесуден кейін 49 ұпай жинады. Екінші орында – «Ақтөбе». Олардың басты бәсекелестерінен бес ұпайы кем және бір ойыны артық. 43 ұпай олжалаған «Астана» үшінші сатыға жайғасты.