• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Сәуір, 2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақшылар жасақталды

137 рет
көрсетілді

Биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында осы айдың 17-28 күндері аралығында Алматыдағы олимпиадалық дайындық орталығында садақ атудан ұлттық құраманың 24 спортшысы оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, аталған жаттығу жиынында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін 10 спортшының арасында 5 лицензия ойнатылды. Садақшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ойындарға жолдама алды. Айта кетсек, бұған дейін Малайзия елінде өткен жаттығу жиыны шеңберінде «Көшпенділер ойындарына» қатысатын алғашқы 5 садақшы анықталған еді.