• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Маусым, 2024

Елордада 17 автобус бағытының жұмыс уақыты ұзартылды

Астанада 17 автобус бағытытының жұмыс уақыты ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№3, 8, 9, 10, 13, 15, 17, 18, 20, 23, 27, 30, 32, 35, 44, 59, 84-ші бағыттағы автобустардың жұмыс уақыты 23:30-ға дейін ұзартылды.

«Мысалы, егер маршрут бір соңғы аялдамадан 21:50-де шығып, жолды аяқтауға 1,5 сағат кетсе, келесі соңғы аялдамада оның жұмысы 23:30-да аяқталады», деп түсіндірді CTS.

Маршруттардың кестелері мен бағыттарының уақыты әртүрлі, сондықтан соңғы аялдамалардағы маршруттардың жұмысы да әртүрлі аяқталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін №201, 202, 203 түнгі бағыттағы автобустар іске қосылатыны хабарланған еді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар