• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қазан, 2024

Әжелер ән шырқайды

76 рет
көрсетілді

Сарыағаш ауданында «Ақ әже­лер әуені» фестивалі биыл 14-ші рет ұйым­дастырылып отыр.

Ауылдық клубтар мен мә­дениет үйлеріндегі әжелерден құ­ралған топ­тардың шығарма­шылық бел­сенділігін арттырып, қазақ ком­позиторларының әндерін наси­хаттау, халықтың рухын жаңғыр­туға үлес қосу мақсатында ұйым­дастырылған фестивальға 18 топ қатысып, 160 әже сахна төрінде өнер көрсетті. Фестиваль қорытындысына қатыс­қан аудан әкімі Арман Абдуллаев қазанын оттан түсірмей, ұлттық қазынамызды дәріптеп жүрген  әжелерге амандық тілеп, арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Түркістан облысы