• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қараша, 2024

Алматы іргесіндегі ауылдың шетінен ер адамның мәйіті табылды

93 рет
көрсетілді

Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылының шетінен  2 қарашадан бері із-түзсіз жоғалған 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт 9 қарашада табылған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған  қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.