• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2024

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды

224 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПД мәліметінше, Солтүстік айналма жол автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.

«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда»,  делінген ПД хабарламасында.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

      View this post on Instagram

A post shared by Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)