• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Президент 02 Желтоқсан, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

153 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.