• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2025

СҚО-ғы өрт: Отбасынан айрылған жасөспірімге көмек беріледі

90 рет
көрсетілді

Кеше түнде Солтүстік Қазақстанның Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жекеменшік үйде өрт шығып, бес жан мерт болды.

Өрт сөндірушілер жеткенде жалындаған от қаһарына мініп алған екен. Үйдегі екі ересек және үш жас баланы құтқару мүмкіндігі болмаған. Өрт сөндіру қызметі 104 шаршы метрді жалмаған өртті тек таң ата ғана толық сөндіре алған.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Тасмағанбетов, ТЖД бастығы, полковник Ж.Асқаров келіп жетті. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша отбасының бір баласы Петропавл қаласындағы колледжде оқиды екен. Облыс әкімдігі оның оқуына барлық жағдай жасалатынын айтты. Жатақханадан тегін орын ұсыну, оқу ақысын төлеу, материалдық көмек және тұрғын үй кезегіне қою, сонымен бірге туыстарының біріне қамқорлыққа беру мәселесі қарастырылады. Әзірге оған психологиялық көмек беріліп жатыр. 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар