• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Президент 28 Қаңтар, 2025

Суды үнемдеу үшін батыл шешімдер керек – Президент

120 рет
көрсетілді

Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Бұл ретте Мемлекет басшысы Үкіметке көрші елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, 1 маусымға қарай жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, біздің қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтылып келеді. Бірақ азаматтарға үндеу тастау жеткіліксіз. Бұдан бөлек, ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет.

«Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар. Мысалы, дәл осындай ұстаным ай сайын суды сегіз пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл – аса маңызды. Себебі Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте өзекті. Көрші Қытай елінде әлемдік деңгейдегі озық технологиялар бар, олар тәжірибесін бөлісуге дайын. Бірақ біздің жақ – құлықсыз, оның үстіне батыл шешімдер жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке осы шаруамен белсенді айналысып, 1 маусымға қарай жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырды.