• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Қаңтар, 2025

Астанада ақпан айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

96 рет
көрсетілді

Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығындағы елорданың ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

31 қаңтарда Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, түнде бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 13-15 градус аяз.

1 ақпанда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 3-5 градус аяз.

2 ақпанда құбылмалы бұлтты, түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 1-3 градус аяз.

Еске салайық, бұдан бұрын синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын хабарлаған. 30-31 қаңтарда шығыста, 31 қаңтарда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауып, бұрқасын болады.

Соңғы жаңалықтар