• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2025

Қостанай облысында ер адам адасып кеткен

71 рет
көрсетілді

ТЖМ құтқарушылары адасып қалған адамды тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы Арқалық қаласының Мирное ауылынан 15 шақырым жерде 1974 жылы туған ер адам тракторға қарай жаяу шығып, адасып, діттеген жерге жетпеген.

- Құтқарушылар жедел түрде өтімділігі жоғары техникамен іздеуге шығып. Жоғалған ер адамды шаруа қожалықтарының бірінің жанынан 150 метр қашықтықтағы ашық аумақта тапты, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар қажетті көмек көрсетіп, медициналық тексеру үшін Арқалық қаласына жеткізгені айтылды.