• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Ақпан, 2025

Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

143 рет
көрсетілді

Алматы облысының Райымбек ауданында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Lada Largus» жүргізушісі «Қарасаз-Сарыжаз» тасжолының 5-шақырымында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Lexus LХ470» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Largus» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Өңірлік полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, рөлде мұқият болу және қауіпті маневрлерден бас тарту қажеттігін ескертеді.