• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Ақпан, 2025

Қазақстанның халықаралық резервтері 47 миллиард доллардан асты

112 рет
көрсетілді

Жалпы халықаралық резерв көлемі 2,91 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банктің алдын ала мәліметі бойынша, 2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 2,91 пайызға өсіп, 47 миллиард долларға, ал халықаралық резервтер құрылымындағы монетарлық алтынның көлемі 8,36%-ға өсіп, 25,8 млрд долларға жеткен.

Бұл ретте Ұлттық банктің валюталық активтері 0,56%-ға азайып, 58,5 млрд долларды құраған.