• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Ақпан, 2025

Теміртауда қарлы боран салдарынан 40 көлік жолда қалды

220 рет
көрсетілді

Қарағанды-Астана тас жолында Баймырза мен Ошағанды ​​ауылдарының аралығында қарлы боран салдарынан 40 көлік жолда қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған:

Қарағанды облысында «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін). Павлодар облысында «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). Аталған жолдарды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.