Әлем 18 Ақпан, 2025

Кітап оқыса, жазасы жеңілдейді

62 рет
көрсетілді

Өзбекстанда түрме жазасын қысқарту үшін кітап оқу бағдарламасы енгізілуі мүмкін. Парламент бұл бастаманы бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаға сәйкес, Қылмыстық кодекске сотталғандар­ды «рухани түзету» туралы жаңа бап енгізу қарастырылған.

Аталған бағ­дарлама ая­сында соттал­ғандар арнайы бекітілген тізімі бойынша кітап оқып, кейіннен емтихан тапсыру арқылы әр оқылған кітап үшін жазасын үш күнге қысқарта алады.

«Көркем әдебиетті оқу соттал­ғандарға өз сезімдері мен эмоция­ларын түсінуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адам­дардың да сезімдері мен көзқарастарын, олар­дың өмірге деген ұстанымдары мен ұм­тылыстарын ұғынуға көмектеседі», дейді елдің ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашрапов.

Оның айтуынша, Өз­бек­стандағы 49 түрменің барлығында кітапханалар бар, онда 230 мыңнан астам кітап қо­ры жинақталған. Оның ішінде 44,7 мың­нан астамы – шетелдік шығармалар.