• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 09:39

«Қазақмыстан» бір тоннадан астам жанармай ұрлаған топ ұсталды

10 рет
көрсетілді

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпороциясының нысандарынан жанармай мен кен ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, биыл кәсіпорын аумағында ірі шығын келтірген төрт ұрлық дерегі ашылған. Соның бірі – 7 мамыр күні әшкереленген жанармай ұрлау схемасы.

Жедел іс-шаралар барысында жанар-жағармайды ұрлап, кейін оны сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Тексеру кезінде бір тоннадан астам жанармай, қомақты қаржы, көліктер, қару-жарақ пен оқ-дәрілер және басқа да айғақты заттар тәркіленді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер арнайы техникаларды жалған түрде жанармай құйғандай көрсетіп, құжаттарды қолдан жасаған. Сонымен қатар кейбір күзет қызметкерлерінің де заңсыз әрекетке көмектескені анықталған.

Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс қазіргі уақытта қаржылық құжаттарға талдау жүргізіліп жатқанын айтты. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі аса ірі мөлшерде болуы мүмкін.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, өткен жылдан бері «Қазақмыс» нысандарындағы ұрлықтарға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың жолы кесілген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5 пайызы өтелген.

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған

Соңғы жаңалықтар