Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Астананың ақша айырбастау орындарында:
− доллар 461,91 теңгеден сатып алынады, 468,80 теңгеден сатылады;− еуро: сатып алу − 540,95 теңге, сату − 550,95 теңге;− рубль: сатып алу − 6,09 теңге, сату − 6,40 теңге;− юань 66,94 теңгеден сатып алынады, 72,92 теңгеден сатылады.
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Алматының ақша айырбастау орындарында:
− доллар: сатып алу − 464,38 теңге, сату − 466,82 теңге;− еуро: сатып алу − 543,03 теңге, сату − 548,17 теңге;− рубль 6,09 − 6,21 теңге аралығында саудаланады.− юань 68,40 − 71,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, кеше күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге өсіп, 463,91 теңге болған еді.