• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2025

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

87 рет
көрсетілді

«ҚазАвтожол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шектеу Қостанай, Ақмола облысындағы бірнеше республикалық маңызы бар жолға сағат 12: 30-дан бастап енгізілді. 

Қостанай облысындағы «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы, яғни Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол жабық. 

Ақмола облысында «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы) көлік қозғалысы шектеліп отыр.Сондай-ақ, осы өңірдегі «Жақсы - Есіл - Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы), «Жезқазған - Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы) барлық көлік түрі үшін жабық. «ҚазАвтожол» мәліметінше, жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін Жетісу облысында жол жабылғанын жазғанбыз.