• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2025

Былтыр 247 азамат адам саудасының құрбаны болған

112 рет
көрсетілді

2024 жылы Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған 247 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 32 адам жұмысқа орналастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп адам саудасының құрбандарына АӘҚ көрсету мен оларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды іске асырып жатыр. 

Әлеуметтік кодекске сай адам саудасынан жапа шеккендерге 6 ай қолдау көрсетіледі. 

2025 жылдың 1 наурызындағы дерекке сай елімізде 13 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік секторда (Абай обл., Шымкент қ.) – 2, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде – 11 (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Астана қаласы).