• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Наурыз, 2025

59 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кеткен

67 рет
көрсетілді

Оқиға – Қостанай облысының Федоров ауданында «Рудный - Қашар - Федоровка» автожолының 25-ші шақырымы тұсында болған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жолдан шығып кетіп, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмаған автобуста Тәжікстан Республикасының 59 азаматы болған.

Жедел келген құтқарушылар жол талғамайтын шынжыр табанды транспортер-тартқыштың көмегімен көлікті жолға тартып шығарды. Автобус ары қарай жолын жалғастырды. Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады.