• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Білім 11 Наурыз, 2025

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады

140 рет
көрсетілді

2024-2025 оқу жылындағы үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың көктемгі каникулға шығатын демалыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады. 

Министрліктің хабарлауынша, оқушылардың каникулдағы уақытын тиімді үйлестіру үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалған. 

Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған нұсқаулық та әзірленген. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігі бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:• театр фестивальдері мен қойылымдары;• шеберлік сабақтары;• қауіпсіздік сабақтары;• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;• спорттық ойындар;• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар бар.

Ведомоство балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар жолдауды да жоспарлап отыр.