• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Сәуір, 2025

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

112 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан көп өңірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда жаңбыр жауады.

Сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Ал оңтүстік-батыста найзағай күтіледі.

Астанада күн ала бұлтты. Күндізгі температура +15…+17°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндізгі температура +21…+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ал Шымкентте күндізгі температура +24…+26°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.