• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2025

250 мыңнан астам адам психологиялық қолдау орталықтарына жүгінген

44 рет
көрсетілді

Психологиялық қолдау орталықтары мен білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 200-ден астам маман, оның ішінде педагог-психологтар біліктілігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.

Бағдарлама педагогикалық тәжірибеге психоәлеуметтік қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істеуге бағдарланған әдістерді енгізуге бағытталған. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында мамандарға балалармен және отбасыларымен жұмыс істеу тиімділігін арттыру тәжірибелерін үйрету көзделген.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылып, бүгінде 250 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген.