• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Сәуір, 2025

Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны аяусыз ұрған

27 рет
көрсетілді

Желіде тағы бір жасөспірімнің қарт адамды соққыға жыққаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 6 сәуір күні Жетісу облысына қарасты Өтенай ауылында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, зәбір көрсеткен жасөспірім бокспен айналысады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 86 жастағы зейнеткерге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жасөспірім заңды өкілінің қамқорлығына тапсырылды. Сонымен қатар, ата-анасына немесе заңды өкіліне баланы тәрбиелеудегі жауапсыздығы үшін әкімшілік жаза қолданылды. Жасөспірім профилактикалық есепке қойылды», делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс жолданған.