• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Салық 09 Сәуір, 2025

ҚҚС өсімінен бюджетке 3 трлн теңгедей қосымша түсім түседі

64 рет
көрсетілді

ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру бюджетке 3 трлн теңгеге жуық қосымша түсімдер алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ҚҚС мөлшерлемесін арттыру есебінен мұнай кірістеріне тәуелділікті азайтуға, Ұлттық қордағы жинақтарды тұрақтандыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыратын басым жобаларды қаржыландыруға болады.

«ҚҚС-мен байланысты салық реформасы мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді.  Базалық мөлшерлеме – 16%. Неліктен? Себебі ҚҚС – республикалық бюджеттің ең үлкен кіріс көзі. Қосымша түсімдер шамамен 3 трлн теңге деп болжануда. Бұл жолдарға, мектептерге, ауруханаларға, инфрақұрылым мен қорғанысқа және дамуға арналған ақша», деді Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. 

ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру мұнайдан түсетін кірістерге тәуелділікті азайтуға, Ұлттық қордағы жинақтарды тұрақтандыруға, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыратын басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, бизнес дегеніміз – ол адамдар, компаниялар және тағдырлар екенін түсіне келе, сараланған мөлшерлемелер енгізілуде. Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді, ал заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өндірушілері ҚҚС-ты 30% мөлшерінде төлейді. Бұл жаңа Салық кодексінде сақталады. Бұл ретте ҚҚС-тың тағы екі мөлшерлемесі көзделуде – медицина саласы үшін – 10% және экспорт пен жеңілдігі бар санаттар үшін – 0%.