• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2025

Жолдарда көліктердің орташа жылдамдығын өлшейтін жүйе іске қосылды

71 рет
көрсетілді

Бұл жаңалықты «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Енді республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысының орташа жылдамдығы автоматты түрде бақыланып, реттелетін болады.

Орташа жылдамдық келесі жол учаскелерінде бақылауға алынған:

Астана — Щучинск (шектеу: 140 км/сағ); Астана — Павлодар (шектеу: 140 км/сағ); Шымкент — Қызылорда (шектеу: 110 км/сағ); Шымкент — Тараз (шектеу: 110 км/сағ); Павлодар — Семей — Қалбатау (шектеу: 100-110 км/сағ); Орал — РФ шекарасы (Саратов) (шектеу: 100 км/сағ); Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (шектеу: 100-110 км/сағ).

«ҚазАвтоЖол» қауіпсіздік мақсатында және айыппұлдардан сақтану үшін жылдамдық шектерін сақтауды сұрайды.